ШҚО – да көл жағасындағы ауылдар енді ауқымды балық шаруашылығымен айналысатын болады

408
көрілім

Заңнамаға сәйкес балық аулаудағы басымдылық көл жағасында орналасқан ауылдарға берілетін болады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Ертіс бассейні Қазақстандағы ірі су қорларының бірі. ШҚО – ның республикадағы балық аулау үлесі – 21 пайыз. Жақында облыс әкімінің ұсынысымен Ауылшаруашылығы министрінің бұйрығына балық аулаумен айналысатын аудандар маңындағы тұрғындарға басымдылық беру туралы өзгерістер енгізілген.
– Ең алдымен бірінші кезекте балық аулау орындары ертеден келе жатқан Зайсан, Тарбағатай, Көкпекті, Күршім аудандарына жалға берілуі тиіс. Рұқсат алғаннан-ақ олар кооперативтер құра бастады. Қажет жаңа құралдарды да алу оларға тиімді. Мен білетін «Зайсан балықшылары» және «Байтоғас» ауылшаруашылық балық аулау кооперативтері жақсы  қаржы тауып, тұрақты жұмыс істеп келе жатыр. Осы сияқты кооперативтер Күршім ауданында да құрылды, – дейді ШҚО Табиғи ресурстар басқармасының басшысы Мұрат Құсаинов.