ШҚО – республикада сүт өндіру бойынша көш басында

573
көрілім

Сүт өндіру бағытында Шығыс Қазақстан өңірі республика бойынша бірінші орынға шықты. Бұл туралы Орталық коммуникация қызметінде баспасөз мәслихатын өткізген Даниал Ахметов мәлімдеді.

– Биылғы жылы 900 мың тонна сүт өндіріледі, – дейді Даниал Ахметов.

Облыс әкімі айтып өткендей, Шығыс Қазақстандағы сүттің 70 пайызы жеке шаруашылықта өндіріледі. Сол себепті, жеке шаруашылықты өрістету басым бағыттардың бірі болып табылады.

– Қарапайым адамдар өз шаруашылығын дамытып-ақ өз-өзіне еңбек етіп, айлығын алып отыр. Біздің өнімдер Қытай мен Ресейдің өнімдерінен де сапалы. Соңғы бір жарым жылда 50-ден аса сүт қабылдау пунктерін ашылды. Жуықта барлық пунктер ауыл шаруашылығы кооперативтеріне бірігеді, – дейді облыс әкімі.

Мейрамбек Қосажан

Фотосурет: ШҚО Ақпараттық орталығы