Шығыс Қазақстанда соңғы жылдары жаңа әлеуметтік нысандар салынып, қалаларда шағын аудандар пайда болуда.
Экономиканың маңызды саласы болып табылатын Шығыс Қазақстанның Алтай ауданындағы құрылыс саласы әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілермен жоғары көтеріле бастады.
"Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мәселесі аудан тұрғындары үшін түйкілді мәселелердің бірі еді. 2011-2015 жылдар аралығында бұл мәселе шешілді. Алтай қаласында үш балабақша мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған күндізгі оқыту нысандары салынды. Серебрянск қаласында тағы бір балабақша пайда болды", - деді аудан әкімі Қалихан Байғонысов.
2015 жылы Чапаево ауылында мектеп салынды. 2016 жылы-Алтай қаласында жалпы құны 530 000,0 мың теңге, ауданы 1 109,62 шаршы метр жасанды мұзы бар 100 орындық жабық хоккей модулі бой көтерді.
Бұдан басқа, Алтай ауданында 2017 жылдан бастап аудан орталығының жылу желілерін салу және қайта жаңарту жүзеге асырылды. Бұл 9-шы және 10-шы шағын аудандардың (150-ден астам үй) тұрғындарын жылумен қамтамасыз етуге және қаланың қайта жаңартылған жылу желілеріндегі апаттылықты айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік берді.
Ауданда тұрғын үй салуға алғашқы әрекет 2012 жылы ғана жасалды. Максим Горький көшесінде 60 пәтерлі тұрғын үй салынды. Кейінірек, 2013 жылы Космонавттар көшесінде 80 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Аталған үйлерде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрған адамдар қоныс тойын тойлау бақытына ие болды.
Алтай ауданында тұрғын үй салу мәселесі 2018 жылы 10 шағын ауданда 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысына басталған уақытта шешілді. Бұл 60 отбасын жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Оның 24-і көпбалалы отбасылар. Бұл үйде 12 жетім бала, зейнеткерлер, I және II топтағы мүгедектер, мүгедек балалары бар отбасылар, толық емес отбасылар тұрды.
2020 жылы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасы бойынша "Нұрлы Жер" бағдарламасы аясында Алтайда тұрғын үй алуға кезекте тұрған көп балалы отбасылар үшін жалға алу құқығымен 14 бір қабатты жеке тұрғын үй салынды.
2021 жылы да Алтай ауданында тұрғын үй құрылысы жалғасын тапты. Алтай қаласында 20 жеке тұрғын үй, Серебрянск қаласында бес бір қабатты коттедж және Жаңа Бұқтырма кентінде осынша тұрғын үй құрылысы аяқталды.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында аудан тұрғындарының алты отбасы ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың бастамасымен "Бір қабатты Шығыс"бағдарламасы бойынша салынған жаңа тұрғын үйдің кілтіне ие болды.
Сонымен қатар, Алтайың Рудный көшесінде 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілсе, ал Серебрянскіде дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда, деп түйіндеді аудан әкімдігі.