«ШҚО аруы-2017» облыстық байқауында 18 жастағы семейлік бойжеткен топ жарды

391
көрілім
«ШҚО аруы-2017» облыстық байқауында 18 жастағы семейлік бойжеткен топ жарды, деп хабарлайды buqara.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Мұндай сұлулық байқауы өңірімізде бірінші рет өткізіліп отыр. Шараны ұйымдастыруға Айна Тогусованың модельдік мектебі мұрындық болған. Жалпы конкурсқа Өскемен, Семей, Риддер қалалары мен Жезкент, Шүлбі елді мекендерінен 8 ару қатысты.
Нәзік жандылар төрт кезең бойынша бақ сынасты: «бизнес стилі» сән көрсетілімі, шығармашылық үй тапсырмасы, спорттық тур және кешкі дефиле. Мың ойланып, жүз толғанған қазылар алқасы «ШҚО аруы – 2017» тәжін Семей қаласынан келген 18 жастағы Жанна Құрманғазиеваға табыстады. Енді ол Вьетнамдағы халықаралық жобада Қазақстан намысын қорғамақ.
Жеңіске жетемін деп еш ойламаған едім, бірақ байқауға барымды салып дайындалдым. Болашақта модель, актриса немесе әнші болғым келеді, – дейді Шығыстың аруы.