ШҚО Астана үлгісінде «Ақылды қала» жобасын жүзеге асырады

511
көрілім
Шартты фотосурет.

Енді өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өмір сапасын арттыру зияткер техниканың көмегі арқылы жүзеге аспақ. Бұл туралы концессиялық жобаларды жүзеге асыруға арналған жиын барысында аймақ басшысы Даниал Ахметов айтты. Айта кету керек, мұндай құрылғылар Астана қаласында әлдеқашан қолданысқа енгізілген, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі. 

2018 жылдан бастап Өскемен және Семейде «Ақылды қала» жобасын іске қосу жоспарланып жатыр. Облыс әкімі Даниал Ахметов бір айдың ішінде атқарушы органдарға қала инфрақұрылымын басқару жүйесіне өзгерістер енгізуді тапсырды.   

– Көшені жарықтандыруды, жол қозғалысын басқару, тұрғын үйлердің ауласында және адам көп шоғырланатын жерлерге бейнебақылау камераларын орнату сияқты қызмет түрлерін түйістіруі тиіс «Ақылды қала» жобасының егжей-тегжейіне дейін зерделеп, қолға алу керек. Қосымша бақылауды инженерлік коммуникацияларға да қою қажет, — деді Даниал Ахметов.

Бұдан бөлек, аймақ басшысы облыс орталығы мен Семейде арнайы басқару орталықтарын құрып, оларды облыстың бюджеттік жоспарына қосуды тапсырды.