Бұл туралы Өскемендегі өңірлік коммуникациялық қызметінде өткен брифинг кезінде айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Денешынықтыру және спорт басқармасы дене шынықтыру бөлімінің басшысы Фархад Құсайыновтың сөзінше, спорт нысандарын салу алдағы жылдары да жалғасын табады. Айталық, 2023-25 жылдарға арналған кешенді жоспар. Дегенмен бөлім басшысы құрылысқа қатысты қолайлы жағын да сөз етті.
- Салауатты өмір салтын ұстанамын дегендер үшін заманауи ғимараттар аз емес. Егер мектептерді есепке алсақ, жеткілікті деуге толықтай негіз бар. Хоккей қораптары, волейбол залдары, велоспорт, көркем гимнастика және тағысын тағы. Елдімекендерді алып қарасақ, ауқымды дене шынықтыру және сауықтыру кешендерін салудың қажеттілігі жоқ. Есесіне, аудан орталықтары мен ауылдардағы спорт модульдерінің құрылысы тиімді. Халықтың шоғырлануына қарай қаржылық тұрғыдан әрі қолданысқа беруде де біршама қолайлы, - деді Фархад Ануарбекұлы.