ШҚО Полиция департаменті облыс аумағында 26 қазан мен 1 қарашасы аралығында көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі, деп хабарлайды Buqara.kz
Тәртіп сақшылары елді мекендерді, әкімшілік учаскелер мен саяжайларды патрульдеуге басты назарды аударады.
Сонымен қатар жүріп-тұру ережелерін бұзған шетелдіктерді анықтау, елде есепте тұрғандарды бақылау, тыйым салынған заттарды заңсыз сақтаған не тасымалдаған адамдарды тексеру және ұстау бойынша жұмыстары қарастырылған.
Іс-шара аясында полицейлер әкімшілік құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын басты негізге қояды.