ШҚО аумағының 70 пайызында әлі де қар жатыр

115
көрілім
Фото сурет; ШҚО ТЖД

 Шығыс Қазақстан облысы аумағының 70 пайызында әлі де қар жатыр. Өңірдегі су тасқыны қаупі бар жерлерге әуеден барлау жасалды деп хабарлайды Buqara.kz сайтынң тілшісі ҚазАқпартқа сілтеме жасап.

Оған Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов мен ТЖД бастығы Ерғали Бахаев қатысты. Өскемен-Глубокое-Шемонаиха-Алтай қаласы маршрутымен басталған тікұшақпен жұмыс сапары Риддер-Үлкен Нарын-Қатонқарағай ауданы бағытымен аяқталды.

Барлау барысында өзендерде мұз ашылғаны көрініп, судың жағалаудан шығуы байқалмады. Мұз кептелістері жоқ және жағалау аумақтарын су баспаған. «Жоғарыда аталған аудандар бойынша жағдай тұрақты. Көктемгі кезеңде төтенше жағдайлардың алдын алу үшін 55 мың дана ыдыс-қап, 6000 тоннадан астам инертті материал, 406 тонна жанар-жағармай дайындалды. Техника мен мотопомпалар әзір тұр. Эвакуациялық пункттер дайын.

Жалпы облыс бойынша 368 мыңнан астам текше метр қар шығарылған. Сондай-ақ 448 шақырым арық пен 447 көпір тазартылды», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметінен.

Әлі де облыс аумағындағы қар жабыны 70% -ды құрап отыр.