Жыл басынан бері тоғыз айдың ішінде Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасының кардиохирургия бөлімшесінде жоғары технологияларды қолдана отырып 203 ота жасалды.
Естеріңізге сала кетейік, егер адам ауырып қалса және оған инновациялық технологияларды қолдана отырып диагностика мен ем көрсетілсе, онда тұрғылықты жеріне қарамастан, ол жоспарлы медициналық көмекке сене алады. Негізгі шарт - МӘМС-те сақтандыру мәртебесіне ие болу.
«Егер пациентке жергілікті деңгейде қажетті емшара қолжетімсіз болса, ол облыстық немесе республикалық клиникаға жіберіледі. Операцияның қажеттілігі туралы шешімді жоғары технологиялық медициналық қызметтің осы түрін жүргізетін клиниканың дәрігері қабылдайды. Біздің кардиохирургиялық бөлімде мамандандырылған жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетеді», — дейді аурухана мамандары.
Аталған бөлімнің меңгерушісі Дастан Қадырбаев МӘМС-тің пациент өміріндегі пайдасы туралы бір ғана қарапайым мысал келтәре кетті.
«Жақында біздің бөлімге 64 жастағы пациент түсті. Ол мезгіл-мезгіл бас ауруы, құлақтың шуылы, қан қысымының күрт жоғарылауы, кеуде қуысының ауыруы, дем алудағы ақаулар туралы шағымдармен түсті. Барлық тексерулерден кейін науқастың жүрегіне бірнеше ота түрлері жасалды. Дәрігерлердің бұл патологияны уақтылы анықтауы және хирургиялық араласу бұл пациенттің өмірін сақтап қалды. Коронарография, бұдан соң митральді клапанды биологиялық протезге ауыстыру, жүрек тұсына жақын орналасқан тромбыны алу, радиожиілілік абляция – осының нәтижесінде жүректің қағысы реттеліп, өмір сұру сапасы жақсарды. Қазір пациентіміз тиісті ем-шаралардан кейін үйіне шығуға дайындалуда. МӘМС аясында осы бір мысал арқылы аталған пациентіміздің емі 2 млн 700 мың теңгесі көлемін құрап отырғандығын және бұл ем науқастың отбасылық бюджетіне бір тиын салмақ салынбағандығын нықтап өтсем», — дейді ШҚ Облыстық ауруханасы кардиохирургия бқлімі меңгерушісі Дастан Қадырбаев.