Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анықталғандай, 2015 жылы осы бағытқа жеті млрд, ал былтыр 55,2 млрд теңге бөлінген.
- Қаржыландырудың сегіз есеге артқанын байқаймыз. Қазір облыс көлемінде тұрғындардың 96,4 пайызы таза ауызсумен қамтылды. 2015-2021 жылдар аралығында бөлінген 107 млрд теңгеге 288 мың адамға 294 ауылда су құбыры тартылды. Ал биыл тағы 6,8 млрд теңге қаржы бөлу жоспарда бар, - деді Даниал Кенжетайұлы.
Нақты айтсақ, биыл 34 жоба қолға алынбақ. Ұзын-ырғасы 14 мыңнан астам адам қамтылатын көрінеді.
shko_auyldarynda_alty_zhyl_ishinde_107_mlrd_te
49