Семей қаласының ірі құрылыс компанияларының құрылысшылары аймақ басшысы Даниал Ахметовке бағалардың үнемі өсуіне байланысты шағымдарын білдірді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының ШҚО әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Аймақ басшысы тиісті басқармаларға құрылыс материалдары бағасының өсу себебін анықтауды тапсырды.
– Кейінгі кезде шикізат пен қызмет көрсету бағытында баға бір қалыпты болғанымен, жергілікті өндірушілер цемент пен кірпіш бағаларын өсіруін байқап отырмыз. Менің ойымша, бұл дұрыс емес, – деп атап өтті Даниал Ахметов – Біз бәсекелестік секторын қолдаймыз, бірақ бұл жерде белгілі бір түсініспеушілік бар секілді. Цемент, кірпіш және инертті материалдарға үнемі көтеріліп келе жатқан бағалар нарықтағы қозғалыстармен дәлелденбей отыр.
Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына осы бағаларды бақылау жұмыстары тапсырылды. Егер негізгі құрылыс материалдардың қымбаттауы жалғасатын болса, облыс басшылығы мердігерлерге қолдау көрсету үшін шара қабылдайтын болады.