Мұндай ақпарат облыс әкімдігінде өткен жаңа оқу жылына дайындық жөніндегі кеңесте айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, төрт бағытқа 270 грант бөлінді.
- Бұлардың ішінде педагогика, бағдарламалау, ауыл шаруашылығы және медицина салалары бар. Шығыс Қазақстан облысы бөлінген гранттар саны бойынша елімізде екінші орында тұр, - деп хабарлады ШҚО әкімінің баспасөз қызметіндегілер.