Облыс прокуратурасы басшылығының мәліметінше, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау басты назарға алынып отыр, - деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, алимент төлемеу бойынша қарыз 790 миллион теңгені құрайды.
- Ата-аналық міндеттемелер мен сот шешіміне сәйкес алимент төлеу міндетіне қарамастан, кейбір ата-аналар кәмелетке толмаған балаларын асыраудан жалтаруда. Жыл басынан бері 42 борышкер әкімшілік, 14-і қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 32 адамға іздеу жарияланды, - делінген прокуратура ұсынған мәліметте.