Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылдың ақпанында картоптың орташа бағасы 148 теңге/кг болса, осы жылдың ақпанындағы орташа баға 141 теңге/кг, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Ертіс ӘКК» АҚ аймақтағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бағдарламасының операторы. Маусымаралық кезеңде тұрақты бағаны қамтамасыз ету үшін «Ертіс ӘКК» АҚ 9850 тонна өнімге, оның ішінде картоп – 5500 тонна, сәбіз – 1550 тонна, пияз бен қырыққабат – 1400 тоннаға келісімшарт жасады. Бүгінде келісімшарт жасалған көлемнен картоп – 2655 тонна, сәбіз – 656 тонна, пияз – 592 тонна, қырыққабат – 445 тонна мөлшерінде қалып отыр,
Жемістер мен көкөністердің «сөредегі» бағасы: картоп пен сәбіз – 120 теңге/кг, пияз – 110 теңге/кг, қырыққабат – 100 теңге/кг. Көп жылдық тәжірибеге сәйкес, сауда нүктелерінің сұранысы бойынша өнімдер қарашадан мамырға дейін сатылады. Сұраныс артқан кезеңде сауда нүктелері халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бағаны қолжетімді етеді. Өнімдер 65 сауда нүктесі арқылы сатылады.