Бұл туралы ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Кикбоксингтен бес дүркін Әлем чемпионы Асқар Можановтан кейін басқарма басшысы болып Денис Рыпаков тағайындалған-тұғын. Дегенмен Денис Сергеевич облыстық мәслихат депутаттығына сайланған соң бұл орын уақытша бос тұрған еді. Енді аталған басқарманы «Алтай» әйелдер волейбол клубының басшылығында болған білікті маман тізгіндеді.
– Бүгіннен бастап облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасына Досжан Нұрбайұлы Уалханов басшы болып тағайындалды, – делінген мәліметте.