ШҚО Денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

1072
көрілім

Аталған ведомствоға басшы болып Марат Шоранов тағайындалды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Жаңа басшыны облыс әкімі Даниал Ахметов таныстырды.

Марат Шоранов 1997 жылы Қазақ ұлттық медицина университетін, 2006 жылы Вирджинияның Ынтымақтастық университетін, Эмори университетін, Роллинс қоғамдық Денсаулық сақтау мектебін бітірген. Денсаулық сақтау саласын басқару біліктілігін АҚШ-та өткен.

Алматы қаласында дүниеге келген Марат Шоранов — медицина ғылымдарының докторы, Қазақстанда аталған секторының өрістеуі бойынша Ақпараттық бюллетеннің бірлескен авторы. Қазақстан урологтарының ассоцациясы мен Қазақстан қоғамдық денсаулық сақтау қоғамының мүшесі.

Әр жылдары Қазақ ұлттық ғылыми урология орталығының клиникалық ординаторы, Жарбұсынов атындағы урология орталығының ғылыми қызметкері, Астана қаласының Денсаулық сақтау Институтының директоры, АҚШ-тағы Джорджия, Атланта, Эмори университеттеріндегі клиникалардың әкімшілік интерні қызметтерін атқарған. Сондай-ақ, 2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегиялық даму департаментінің директоры болған.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасына басшы болып келмей тұрып, «University Medical Center» корпоративтік қорының директоры қызметін атқарған. Жұмыстағы үздік көрсеткіштері үшін «Денсаулық сақтау саласының үздігі», «Денсаулық сақтау саласының өрістеуіне қосқан үлесі үшін» медальдарымен марапатталған.