Облыстың денсаулық сақтау саласындағы жемқорлық тәуекелдерін зерделеу және анықтау мақсатында ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өңірдің денсаулық сақтау басқармасының 2020-2023 жылдардағы қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
- Медициналық техниканы сатып алу және оның халыққа қол жетімділігі;
- Медициналық ұйымдар қызметкерлерінің еңбекақы қоры;
- Медициналық мекемелердің құрылыс-жөндеу жұмыстары.
- Көрсетілген мәселеге қатысты ақпарат, шағымдарыңыз бен ұсыныстарыңыз болса, analiz-vko@mail.ru электрондық мекенжайына немесе 8 775 778 80 99 WhatsApp нөміріне жолдай аласыздар. Құрметті облыс тұрғындары, осы саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін әркімнің пікірі маңызды. Сондықтан, шетте қалмауды және азаматтық ұстаным танытуларыңызды сұраймыз, - делінген мәліметте.