ШҚО дәрігерлері шет елдерде біліктіліктерін арттыруда

262
көрілім

«Nur Otan» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Ұлт денсаулығы және жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі қос кеңестің бңрлескен отырыс өтті.

      Отырысқа ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Камасова Зарина Айдарханқызы, «Nur Otan» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Байжанова Айгул Оралғазықызы және өңірлік кеңестердің төрағалы және мүшелері, облыстық денсаулық сақтау басқарамасы басшысының орынбасары Рахимбаева Ельмира Жанатқызы мен ШҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының мәндетін атқарушы Сұлтанова Айнур Оралқызы қатысты.
Жиынның күн тәртібінде Ретинопатиясы бар нәрестелерге мамандандырылған офтальмологиялық медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру, Облыстың медициналық мекемелерінде кене энцефалитінің шұғыл профилактикасын көрсету үшін кенеге қарсы иммуноглобулиннің болуы туралы (кене шағу кезінде). «Облыстың медициналық мекемелерінде кенеге қарсы иммуноглобулиннің тапшылығын жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы және кенеге қарсы иммуноглобулинді 2022 жылға қажетті мөлшерде жеткізуге өтінімдерді орындау кепілдігін қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыс туралы, Әлеуметтік жоба шеңберінде емдік дене шынықтыру үйірмелерін құру арқылы денсаулық сақтау жүйесінде аутист балаларды физикалық оңалтуды ұйымдастыру (мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы)», 2021 жылы «Еңбек» бағдарламасы арқылы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру сияқты мәселелер талқыланды.

     Онкология, кардиология және кардиохирургия, инсульт орталықтары, нейрохирургия, медициналық оңалту, Акушерлік және гинекология сияқты басым бағыттар бойынша шетелдік жетекші клиникаларда 60 медицина қызметкерінің біліктілігін арттыруға облыстық бюджеттен 841,6 млн.теңге бөлінді.

Жалпы Шығыс Қазақстан облысының медициналық ұйымдарында 269 телемедициналық консультация өткізілді-деді жиынға қатысқан облыстық денсаулық сақтау басқармасыны басшысының орынбасары Ельмира Жанатқызы.
Сонымен қатар «Nur Otan» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған Жол картасының денсаулық және жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына қатысты тармақтардың уақытылы орындалу барысы жайлыда қоғамдық кеңестердің мүшелері мәселе көтерді.