ШҚО дәрігерлері варикоцелді емдеудің жаңа әдісін енгізуде

309
көрілім

Шығыс Қазақстан облысының дәрігерлері варикоцелді емдеудің инновациялық процедураларын енгізуде.

Жуықта Өскемен қаласындағы мамандандырылған медициналық орталықта варикоцелді емдеудің 2 инновациялық процедурасы жасалды. Оған Ақтаудың жетекші прокторы, интервенциялық хирург Қастер Байжанұлы қатысып, өз тәжірибесін ортаға салды.

Емдеудің жаңа әдісінің тиімділігі зор. Процедураның жаңалығы - спиральдардың жаңа түрін қолдануында. Бұл спираль қанмен жанасқанда пропорционалды түрде кеңею қасиетіне ие: 5 минуттан кейін 80% дейін, 20 минут ішінде 100% дейін.

- Ер адамдардағы варикоцеле сырқатын емдеуде білігі мол Кастер Байжанұлынан шеберлік сабағын алдық. Мұндай процедураларды жиі орындаған проктор қазірдің өзінде Қазақстанның барлық мамандарымен тәжірибесімен бөлісуде. Операциялар сәтті өтіп, екі науқастың жағдайы жақсы, - деді орталықтағы «Инновациялық медицина» кафедрасының меңгерушісі В.К. Жандос Уап.

Айта кетейік, жоғары технологиялық көмектің бұл түрі МӘМС аясында қолжетімді.