ШҚО дәріханаларындағы дәрі-дәрмектерге мониторинг жасалды

445
көрілім

«Nur Otan» партиясының Бесқарағай аудандық филиалының төрағасы Ш.Байбековтың тапсырмасы бойынша азаматтар мен денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне қолдау көрсету жоспары аясында аудандық партия филиалының партиялық бақылау комиссиясы мүшелерінің және тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау басқармасының маманының қатысуымен ауданның дәріханаларына кезекті рейд өткізілді.

Іс-шара барысында дәріханаларда дәрі-дәрмектердің болуына, бағасына және оларды халыққа сату ережелеріне мониторинг жүргізілді.

Аталған шаралар аптасына екі рет қажетті дәрі-дәрмектер бағасының өсуіне жол бермеу және аудан тұрғындарына қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында өткізіледі. Мониторинг нәтижесінде халықтың бактерияға қарсы, ыстықты түсіретін, вирусқа қарсы дәрілер мен антикоагулянттарға деген сұранысын анықтады. Олар болмаған жағдайда құрамында негізгі емдік компоненттері бар толыққанды алмастырушы препараттар ұсынылады.

Жетіспейтін дәрі-дәрмектер бойынша жергілікті атқарушы органдар Семей қаласындағы медициналық препараттардың көтерме сауда қоймалары басшылығына сұраныс жасады.