Шара барысында 2024 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тақырып аясында интернеттегі алаяқтық, жасөспірімдер мен балалар арасындағы суицид, маскүнемдік, отбасындағы зорлық-зомбылық мәселелері де сөз етілді.
Клуб отырысына ШҚО полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков қатысып, отбасындағы жанжалдан туындайтын қылмыстық әрекеттер, интернеттегі алаяқтық туралы ақпарат жеткізді. Сонымен қатар облыстағы барлық конфессия өкілдерінің ортақ іс-әрекеттері негізінде бірлесе нәтижелі іс атқарылатынын сөзге тиек етті.
Клуб отырысына шақырылған аймақтық діни бірлестік басшылары ортақ міндетіміз – ұлтаралық татулықты нығайтып, конфессияаралық достықты нығайтудың маңызын тағы бір мәрте айқындап өтті.