ШҚО Достық үйінің 30 жылдық мерейтойы аясында жастарға арналған коворкинг орталығы ашылды

181
көрілім

Шығыс Қазақстан облыстық Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында ашылған коворкинг орталыққа баратын жастар саны көбейіп келеді.

ШҚО Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы кеңейіп келеді. Жақында Достық үйінің 30-жылдық мерейтойы аясында жастарға арналған коворкинг орталығы ашылды. Бұл орталықтың басты мақсаты – жастардың бос уақытын пайдалы өткізу.

«Орталықта әр түрлі бөлмелер орналасқан. Жастар бұл жерде ғылыми іс-шаралар, семинар, тренингтер өткізе алады. Сонымен қатар вокал кабинеті жұмыс істейді. Егер де жаңадан әлеуметтік желілерді жүргізіп бастап келе жатқан блогер болсаңыз, сізге арналған контент жасайтын бөлме де бар. Кешкі уақытта коворкинг орталығында фильмдер тамашалауға болады. Бұның барлығы тегін. Ең бастысы, өзіңізді дамытуға деген ниетіңіз болса болғаны», - деп хабарлады Достық үйінен.

Осы орайда қаладағы оқу орындарының студенттерімен таныстыру кездесуі өтті. Шара барысында студенттер Достық үйінің, «Ассамблея жастары» жастар қозғалысының қызметімен және коворкинг орталығының артықшылықтарымен танысып, әйгілі ЭтноGame ойынын ойнады.

«Жастарымыз сүйіп ойнайтын Этно Game ойыны туралы «Ассамблея жастары» қозғалысының төрағасы Равиль Юнусовтың арқасында білген едік. Жастар форумына барып, осы ойында Ресейдегі Омбы қаласынан Өскемендегі Достық үйіне алып келген де сол. Үстел ойынының мақсаты – Қазақстанда тұратын этностардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын кеңінен насихаттау. Ойын барысында қатысушылар түрлі этностардың ұлттық тағамдарының ерекшеліктерімен, киімдерімен, тұрмыстық бұйымдарымен танысты», - делінген ақпаратта.