Қазақтың театр өнері мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосып келе жатқан ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Гүлбақыт Бақтыбаеваның 55 жасқа толуына орай ШҚО Драма театрында кеш өткізіледі, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Кеш барысында сахналатын «Тіл табысқандар» комедиясында Гүлбақыт Бақтыбаева Болдуқанның рөлін сомдамақ. Кешке қатысамын деген патша көңіл көрермендерді 29 қазан күні сағат 19.00-де облыстық Драма театрына шақырамыз.