ШҚО қазақ Драма театры 31-мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихта қалған тағдырлар» атты әдеби-театрландырылған сахналық композиция өткізеді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Әдеби-театрландырылған сахналық композицияның мақсаты – ұлтымыздың мұрасы мен мүддесін қорғаушыларды, ұлттық автономия құру идеясын қолдаушыларды, халықтың қамын жеген алаш қайраткерлерін еске алу.
Сондай-ақ, композиция барысында Қазақстандағы мәдениет, оқу-ағарту орындарының ашылуына ықпал етіп, саяси-идеологиялық тәрбие жұмыстарын жүргізу сияқты маңызды мәселелердің басы-қасында болған Жанайдар Садуақасов сынды тұлға дәріптеледі.
Шара ШҚО Драма театрында 31 мамыр күні сағат 17.00-де басталады.