ШҚО дзюдошылары ел чемпионатында жүлдегер атанды

471
көрілім

Қостанай қаласының «Қостанай» спорт кешенінде 2003-2004 жылғы жасөспірімдер арасында дзюдодан ел чемпионаты өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Республика көлемінде кіл мықтылар бас қосқан додаға еліміздің барлық өңірінен 700-ге жуық спортшы қатысты. Біріншілік нәтижесі бойынша 2020 жылы халықаралық додаларда ел намысын қорғайтын Қазақстан жасөспірімдер құрама командасы жасақталатынын айта кетейік.

Аталған жарысқа Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей спорт академясының дзюдошылары да қатысты. Ұлдар арасында 55 келі салмақта Серікхан Оразаев 2-ші орын алса, 73 келіде Жалғас Қайролла үздік үштіктен көрініп, қола медальді қоржынға салды.

Ал қыздар арасында Ажар Асхат 70 келіде топ жарып, жасөспірімдер арасында ел чемпионы атанды.

Фото Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей спорт академиясының баспасөз қызметінен