ШҚО дзюдошылары ел чемпионатында жүлдегер атанды

405
көрілім

Тараз қаласында өткен дзюдодан жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында шығысқазақстандық спортшылар жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Үш күнге созылған ел біріншілігінде шығысқазақстандықтар 3 медальға иелік етті. Аса ауыр салмақтағы Дарын Бейісхановтың аяқ алысы аса сенімді көрінді. Тіпті алғашқы кездесулерінде қарсыластарынан бір бас жоғары тұрды десек артық айтпаспыз. Десе де шешуші сында қарағандылық Асылан Мұхамеджановқа жол берді. Республика көлемінде бәсеке қызып тұрған 73 келі салмақта Серікбол Естай қола медаль, сондай-ақ бұрымдылар арасында тағы бір жерлесіміз Балнұр Әбдешова 52 келіге дейінгі дәрежеде үздік үштікті қорытындылады.

Бұдан бөлек, жарыстың соңғы күні командалық сайыста шығысқазақстандықтар финалда қызылордалықтарға есе жіберіп 2-ші орынға табан тіреді. Жүлдегерлер үштігін Атырау және Түркістан облыстарының дзюдошылары түйіндеді.

Әділхан ЕСІМХАНОВ