ШҚО дзюдошылары Әлем чемпионатынан шет қалды

736
көрілім
Фотосурет ашық дерекккөзден

Дзюдодан Әлем Чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды. Өкініштісі сол, тізімге бірде бір шығысқазақстандық спортшы ілінбепті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жаһандық дода 7-14 мамыр аралығында Доха (Катар) қаласында өтеді. Әлем Чемпионатында Париж Олимпиадасына алғашқы ұпайлар сарапқа салынады.

Осыған дейін 100 келіден жоғары салмақта жерлесіміз Әділ Оразбаев әлемдік жарыстарда бақ сынап жүрген болатын. Бапкерлер осы жолы ауыр салмаққа Түркістан облысының тумасы Ғалымжан Қырықбаевты қоюды жөн көріпті.

Ерлер құрамасы төмендегідей:

  • 60 келі – Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев;

  • 66 келі – Ғұсман Қырғызбаев;

  • 73 келі – Жансай Смағұлов;

  • 81 келі – Абылайхан Жұбаназар;

  • 90 келі – Дидар Хамза; Айдар Арапов (аралас-командалық жарыс);

  • 100 келі – Нұрлыхан Шархан;

  • 100 келіден жоғары – Ғалымжан Қырықбай.

Бұрымдылар арасында да шығысқазақстандық спортшылар жоқ.

Айта кетейік, аталған Әлем чемпионаты Париж Олимпиадасы алдындағы соңғы ірі жарыс.

Әділхан ЕСІМХАНОВ