ШҚО дзюдошылары әлемдік Гран-При кезеңінде бақ сынайды

430
көрілім
Фотосурет olympic.kz сайтынан

Бұл жолы Мароккода өтетін бәсекеде Ұлттық құрама сапында үш жерлесіміз өнер көрсетеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Дзюдо мамандары дүбірлі додаға әлемнің әр түкпірінен 100-ге тарта елінен 590-ға жуық татами шебері келеді деп топшылауда. Белгілі болғандай, ерлер құрамасы 90 және 100 келіге дейінгі дәрежелерден бөлек, 4 салмақта екі палуаннан жарыс жолына шықпақ. Оның ішінде, жерлестерімізден 66 келіде үржарлық Ерлан Серікжанов (66 келі) және семейлік Ерасыл Қажыбаев (+100 келі) татамиге беттесе, 52 келіге дейінгі салмақта Анна Казюлина өз мүмкіндігін байқайды.

Марокконың Рабат қаласында өтетін бәсеке наурыз айының 6-8 күндері аралығында өтетіндігін айта кетейік.

Әділхан ЕСІМХАНОВ