ШҚО дзюдошылары Өзбекстанда өнер көрсетеді

344
көрілім
Фото сайт мұрағатынан

Татами шеберлері кезекті аламанға қатысады. Қыркүйектің 20-22 аралығында Өзбекстан астанасы Ташкентте өтетін дзюдодан Гран-При кезеңінде төрт бірдей жерлесіміз жүлде үшін талас жүргізбек, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Бапкерлік құрам бұл жолы 66 келі салмақтағы әлемнің вице-чемпионы Ерлан Серікжановты құрама сапына қоспаған екен. Бәлкім, Токио төрінде өткен әлемдік додадағы сәтсіздігінен болар… Дегенмен дәл осы салмақты Есет Қуанов пен Сұңғат Жұбатқанға сеніп тапсырған екен. Сол Токиодағы бәсекеде аралас-командалық жарыста өз мүмкіндігін байқаған семейлік Ерасыл Қажыбаев 100 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғамақ. Ал бұрымдылар арасында үш бірдей жерлесіміз медаль алу үшін татамиге беттейді. Айталық, 52 келіде Анна Казюлина, 70 келіде Зере Бектасқызы және 78 келіге дейінгі салмақта Назерке Тілеуханова ел қоржынына жүлде салу үшін жарыс жолына шығады.

Әділхан ЕСІМХАНОВ