Ұлтттық құрама мүшелерін кезекті «Grand Slam» бәсекесі күтіп тұр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Францияның астанасына 16 спортшы жол тартпақ. Ерлер 6, бұрымдылар 4 салмақта жүлде үшін талас жүргізеді. Қаңтар айының 23-25 аралығында Тель-Авив қаласында өткен Гран-При додасында күміс медаль олжалаған үржарлық Ерлан Серікжанов әдеттегідей 66 келіде татамиге беттесе, қатарынан бірнеше жарыста жүлде ала алмай жүрген семейлік Ерасыл Қажыбаев 100 келіден жоғары салмақта бақ сынайды. Әйелдер арасында Анна Казюлина (52 келі) жарыс жолына шықпақ.
Айта кетейік, «Grand Slam» додасы ақпан айының 8-9 аралығында өтеді.
Әділхан ЕСІМХАНОВ