ШҚО дзюдошылары универсиадада бақ сынайды

301
көрілім

Италияның Неаполь қаласында өтетін XXX Бүкіләлемдік жазғы универсиадада Ұлттық құрама сапында екі шығысқазақстандық спортшы бақ сынамақ, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтынының тілшісі.

Ел құрамасы 10 палуанмен өнер көрсетеді. Оның ішінде екі жерлесіміз бар. Атап айтсақ, 73 келі салмақта Қуан Барыс және 81 келіде Барақ Арқабай. Естеріңізде болса, қос дзюдошы мамыр айында Өскеменде өткен 23 жасқа дейінгі ел чемпионатында топ жарған өрендер. Одан бөлек, V Жазғы спартакиадада қарсылас шақ келтірмеген болатын. Жерлестеріміз шілденің 5-і күні татамиге беттейді. Бұдан бөлек, 66 келі, 90 келі және 90 келіден жоғары салмақтағы отандастарымыз жүлделі орындар үшін жарыс жолына шықпақ.

Байрақты бәсеке 3-14 шілде аралығында өтсе, татами шеберлері 4-7 шілдеде өзара шеберлік байқаспақ.

Әділхан ЕСІМХАНОВ