Дзюдодан еліміздің ұлттық құрамасы Күншығыс елінің астанасы Токиода өтетін Әлем чемпионатында бақ сынайды. Ерлер сапында екі бірдей жерлесіміз бар, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Бас бапкер Айдын Смағұлов жаттықтыратын татами шеберлері алты салмақта ел намысын қорғайды. Ұлттық олимпиадалық комитет дерегіне сүйенсек, бұл жолы 11 дзюдошы жарыс жолына беттейді. Әзірге оқу-жаттығу Ақмола облысында өтуде. Жерлесіміз Ерлан Серікжанов 66 келіде өз мүміндігін байқаса, 100 келіден жоғары салмақтағы Ерасыл Қажыбаев аралас командалық сайыста татамиге көтеріледі. «Жақсы» спорттық базасында дайындықтарын пысықтаған соң, жаттығуларын Алматыда қорытындыламақ.
Токиодағы аламан тамыздың 25-сі мен қыркүйектің 1-і аралығында өтеді.
Әділхан ЕСІМХАНОВ