Қаңтардың 21-26 күндері Талдықорған қаласында өткен дзюдодан жасөспірімдер арасындағы дәстүрлі ашық республикалық Қысқы демалыс турнирінде жерлесіміз үздіктер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аталмыш жарысқа еліміздің әр түкпірінен және Өзбекстаннан келген 750-ден астам ұлдар және қыздар қатысты. Кіл мықтылар жиналған сайыстан Өскемендегі дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары да шет қалмады. Атап айтсақ, 4 оқушы қатысқан болатын. Соның ішінде 8а сынып оқушысы Жасмина Ескендірова жүлдегерлер үштігін түйіндеп, қоржынын қола медальмен толықтырды. Жасмина белдескен 48 келіге дейінгі салмақта 28 қыз жүлде үшін өз мүмкіндіктерін байқаған болатын. Жерлесіміз жүріп өткен жолында төрт мәрте ұтып, біреуінде қарсыласына жол берді. Мектеп-гимназияның бапкерлері мен оқытушылары Жасминаны жүлдегер атануымен құттықтап, алдағы сайыстарға тыңғылықты әзірлік жүргізетіндіктерін жалғастырды.