ШҚО дзюдошысының алғашқы қарсыласы кім болмақ?

416
көрілім

Өскемендік дзюдошы Кристина Сотникова қазанның 16-20 күндері аралығында Мароккода өтетін жастар арасындағы Әлем чемпионатында бақ сынайды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Зүлфия Мұхамедиярова мен Еркебұлан Қосаевтың қол астында жаттығатын спортшы бірнеше жылдан бері Ұлттық құрама сапынан ойып тұрып орын алған. Ұдайы тыңғылықты әзірлік үстінде жүретін бұрымды өткен жылы жасөспірімдер арасында Азия және ел чемпионы атанды. Марокко жерінде өтетін додада 63 келі салмақта татамиге беттейді. Жеребе бойынша жерлесіміз алғашқы айналымда бос болып, сайысты екінші айналымнан бастамақ. Бұл жерде Косово аралдары мен Италия елінің өкілдері арасындағы жеңімпазбен жолығады.

Әділхан ЕСІМХАНОВ