Бірнеше күн бұрын Риддердің экс-әкімі ұсталды деген мәлімет тараған болатын, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Telegram арналарының бірінде оның 200 млн теңге жымқырғаны туралы жазылды. Арада көп уақыт өтпей, осыған қатысты облыс әкімдігі ресми мәліметпен бөлісті.
- БАҚ сауалдарына жауап бере отырып, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде құқық қорғау органдарымен азамат Д.Батырбаевтың ұсталғандығы туралы ақпарат жоқ екенін хабарлаймыз. Аталған азамат 3 ай бұрын Риддер қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кеткенін еске саламыз. Яғни, 2024 жылдың сәуір айынан бастап Д. Батырбаев жергілікті атқарушы органда жұмыс істемейді, мемлекеттік қызметкер емес, - деді әкімдік өкілдері.
Сондай-ақ, өңір әкімдігі Риддер қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты қандай да бір қылмыстық істер тіркелмегенін хабарлады.