ШҚО әкімі 2024 жылдың өңірде не себепті Жол жылы деп жарияланғанын айтты

329
көрілім
Фотосурет ашық дерекккөзден

Өскемен қаласы тұрғындарымен кездескен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев 2024 жылдың өңірде не себепті Жол жылы деп жарияланғанын айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ермек Көшербаев өңірге әкім болып келгеніне көп уақыт өтпей тұрып, бір жерде жолығып қалған тұрғын оған бірінші кезекте жол мәселесін көтерген.
-  Ол менен "Облысқа жаңадан келген әкім сіз бе?" деп сұрады. "Иә" дегенімде "Бізде жолдар өте нашар. Осыған баса назар аударсаңыз" деді. Одан кейін жеке қабылдауыма жазылған азаматтар, әр түрлі шараларда сөз алған халық үнемі жол мәселесін көтеріп жүрді, - Ермек Көшербаев.

Осылайша, аймақ басшысы жол саласындағы мемлекеттік органдардың жұмысын жіті тексеріп, қатаң бақылауға алған.

- Ойлана келе 2024 жылды Шығыс Қазақстанда Жол жылы деп жариялауға шешім қабылдадық. Жоспар бойынша 1 жылда 600 шақырым жолды жөндейміз. Бұл мақсатта 15 млрд теңге бөлінеді, - деді әкім.

Айта кетейік, Ермек Көшербаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып 2023 жылдың маусым айында тағайындалған. Бұған дейін аймақты 9 жыл бойы Даниал Ахметов басқарды.