ШҚО әкімі ауыл шаруашылық кешені мәселелерін шешуге уәде берді

347
көрілім

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті сессиясында ауыл шаруашылық кешенін қолдауға бөлінетін қаржының жетіспеушілігі туралы айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

- Облыста агроөнеркәсіп кешенінің түрлі салаларын қолдауға арналған қаражаттың жетіспеуі байқалады. Инвестициялық салымдарды өтеу бойынша астық шаруашылығы мен мал шаруашылығында әсіресе. Бұл өз кезегінде мал шаруашылығы мен дәнді дақылдарды дамытуға арналған субсидиялар бойынша берешектің пайда болуына алып келді. Бүгінгі таңда тауар өндірушілер алдындағы қарыз субсидия төлемдерімен қоса алғанда 11 миллиард теңгені құрады, – деді АПК, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды оңтайлы қолдану мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы Ержан Нұрбаев.

Оның айтуынша, облыстық бюджеттің барлық резерві пайдаланылды. Арнайы құрылған комиссия ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен астанаға барып, қалаған жауаптарын ала алмады. Өкінішке орай, Ауыл шаруашылығы министрлігінің республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлу туралы өтінішін Қаржы министрлігі қолдамаған.

Облыстық мәслихат депутаттары қаңтар айында талап етілетін соманың кем дегенде он пайызын іздестіру мүмкіндігін қарастырмақ. Бірақ мәселенің толық нүктесін салалық министрлік қана қоя алады.

- Біз бұны мұқият қарастырамыз. Қазір ештеңе айта алмаймын. Бірге отырып, санау керек. Қандай мүмкіндіктер бар екенін көрейік. Содан кейін ғана премьер-министрдің орынбасары мен тиісті министрлермен кездесу өткізіп, талқылайтын боламыз, – деді Даниал Ахметов.

Данияр ЗАЙНЕЛОВ