Өңір басшысы Ермек Көшербаев бұл шағымдардан жергілікті әкімдіктердің хабарсыз екенін айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қалалық әкімдікте өткен жиында облыс әкімі басқарма қызметкерлеріне ПИК жұмысына қатысты арыз-шағымдардың көптеп түскенін мәлімдеді.
- Бір өкініштісі, жергілікті атқарушы органдар мен өзін-өзі басқару органдары кейде халықтың не нәрсеге шағым түсіріп, қаңдай сұрақтарды көтеріп жатқанын біле бермейді. Тұрғындардан келіп түсетін өтініштерді толық қанағаттандырмайды. Мұндайға жол беруге болмайды, - деді облыс әкімі.
Ол әр ПИК-тің жұмысымен жеке айналысуға шақырды.