ШҚО әкімі Ермек Көшербаев: Аға буын - тірегіміз және қолдаушыларымыз

271
көрілім

Қарттар күнін мерекелеу қарсаңында Шығыс Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі "күміс" жастағы тұрғындары аймақтың дамуына қосқан үлестері үшін құттықтаулар мен алғыстар алды. 
Облыс әкімі Ермек Көшербаев Геннадий Леонидович Бердюгинмен кездесті.  Ол Геннадий Леонидовичпен кезінде жұмыс істегенін және бұл кезең оның есінде тек жақсы естелік қалдырғанын айтып өтті. 
- Біздің аға буын өкілдерінің бойындағы сергектіктерін жоғалтпай, соңғы жаңалықтарға және жалпы өңірдің өміріне қызығушылық танытатыны қуантады, - деді Ермек Көшербаев. – Бұл адамдар көпті көрген, өздерінің көрегендігі мен даналығының арқасында  жақсы кеңес бере алады. 


Геннадий Бердюгин салауатты өмір салтын ұстанады, күнделікті серуендейді, газет оқиды және түрлі бағдарламаларды көреді, сондықтан барлық жаңалықтан хабардар. 
Өңір басшысы көпбалалы ана Галя Ешееваның үйіне де барды. Оны бәрі Галя апай деп атайды екен.  Жұбайымен бірге жеті бала тәрбиелеп өсірген. Балаларының көбі Өскеменде тұрады, олар да қоғамның лайықты мүшелеріне айналып, жетістіктерге жетіп отыр. Ата-ананың қамқорлығы мен сүйіспеншілігі, мейіріммен берілген тәрбиесі және сыйлы қарым-қатынасы болмаса, жетістіктерге қол жеткізу мүмкін емес. Галя апай  - өмірін аналық махаббатқа арнаған жан, немере-шөберенің сүйіспеншілігі мен қамқорлығына бөленіп отырудың жарқын үлгісі.
Глубокое ауданының Солнечный кентіндегі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында бүгінде 110 қарт және ерекше қажеттіліктері бар адамдар тұрады. Мекеме қызметкерлері үй жағдайына жақын атмосфераны құруға тырысады. Ал орталықтың тұрғындары соның нәтижесін көріп отырмыз дейді. Орталықтың бөлмелері ыңғайлы, мұнда асхана, акт залы, кітапхана, тігін цехы, шеберханалар бар, сондай-ақ интернет те қосылған. Сондықтан адамдар мұнда өмір сүріп қана қоймай, сүйікті ісімен, спортпен немесе шығармашылықпен айналысады және де орталықтан шықпай-ақ қажетті медициналық көмек ала алады. 
Өңір басшысы қазыналы қарттарымызды келе жатқан мерекелерімен құттықтап, олар біздің "Алтын қорымыз", баға жетпес тәжірибе мен өмірлік даналықтың сақтаушылары екенін тағы да баса айтты. Қарттарымыздың 
болашақ ұрпақтың, яғни біздің жарқын болашағымыз үшін жасаған істеріне алғыс айтуды ұмытпауға шақырып, барлығына зор денсаулық, табыс, ұзақ өмір және амандық тіледі.