Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев өңір халқын Отбасы күнімен құттықтады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
- Бүгін Қазақстанда Отбасы күні аталып өтуде. Дәстүрлерімізді сақтап, отбасылық құндылықтарды тұту - біздің көпұлтты еліміздің басты қағидаларының бірі. Сондықтан бұл мереке әрбір қазақстандық үшін ерекше. Шынында да, жеке тұлғаның қалыптасуы отбасында басталады. Сыйластық пен сүйіспеншілік, түсіністік сияқты игі қаситттер де жанұядан бастау алады. Жақындарының махаббаты мен қолдауы адамды бақытты етеді, кез-келген қиын сынақтарда күш беріп, демейді. Мемлекет отбасы институтын нығайту үшін барынша жағдай жасауда. Осы жарқын мерекеде отбасыларыңызға бақыт, қуаныш, өзара қолдау және рухани сыйластық тілеймін! Отбасыларыңыз өркендеп, балалардың күлкісі мен қуанышы жарқырай берсін! Отбасы күні құтты болсын!, - деп жазды аймақ басшысы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.