ШҚО әкімі қаңғыбас иттерді аулау туралы пікірін білдірді

425
көрілім
Фото ашық дереккөзден

Әкімдікте өткен жиналыс барысында Ермек Көшербаев Өскеменде көше кезіп жүрген иттердің саны артқанын атап өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

- Қаңғыбас иттер туралы айтатын болсақ, бұл шынымен де қазіргі Қазақстанның дерті», - дейді аймақ басшысы. - Олардың адамдарға шабуыл жасау фактілері елдегі барлық өңір бойынша тіркелуде.

Оның айтуынша, аталған мәселе коммуналдық қызмет сапасының кемшігілінен өршіп тұр. 

- Иттер көбінесе қоқыс тастайын жерлерде жиналады. Ал тұрмыстық қалдық уақытылы  шығарылмайды, жәшіктердің беті жабылмайды. Тұрғындар жәшікке қоқыс төксе, иттер мұны тамақтарына шабуыл деп қабылдап, азуын көрсетеді,- дейді Ермек Беделбайұлы.

Ол бұл мәселеге жүйелі түрде қарау керек екенін айтты. Қажет болған жағдайда иттерді аулауды қолға алу керек. 

«Бірақ, қаңғыған иттерді аулау балалардың көзінше болмауы тиіс», - дейді өңір басшысы.