ШҚО әкімі көпқабатты үйлердің тұрғындарын жылу жүйелерін ретке келтіруге шақырды

192
көрілім

Өткен қыста тұрғындардың пәтерлерінің суық екендігі туралы шағымдарын жиі естідік. Бұл ретте жылу көздерінде ешқандай апат болған жоқ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыс әкімдігінің кеңейтілген отырысында аймақ басшысы Ермек Көшербаев өткен қыста биліктің Риддер қаласынан келіп түсетін арыз-шағымдарға баса назар аударғанын еске салды. Алайда, қала әкімдігінің мәліметінше бірқатар жағдайда пәтерлердің суып кетуінің себебі жылу жүйелерінің дайын еместігі және үйлердің жылу тізбегінің бұзылуы. 
-Риддер қаласында біз соңғы 14 жылдағы деректерлі алдық, - деді Ермек Көшербаев. - Жыл сайын қатып қалатын бірқатар үй мен көше бар. Тексеру нәтижесі бойынша тұрғындар қандай да бір себептерге байланысты қыс мезгіліне қажетті деңгейде дайындалмайтындықтары белгілі болып отыр. ҚР заңнамасына сәйкес ЖЭО мен жылу желілері ыстық суды үйлерге жеткізетінін, ал тұрғындардың меншігіндегі үйлерге олардың өздері жауапты екендігін түсіндіру қажет. Дәл қазір - тұрғындармен бірге, құбырлардың қандай күйде екенін комиссиялық түрде тексеру керек. Жүйелі түрде дайындық жасайтын тұрғындарға қатысты мәселе жоқ. Сондай-ақ, жылу шығынын азайту мақсатында, көпқабатты үйлердің кіреберістеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.

Талант Тұрсынов