Ермек Көшербаев 2024-2025 жылғы жаңа оқу жылына дайындық бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шенеуніктер қыркүйекке қамданып, тыңғылықты жұмыс істеп жатқандарын айтты.
- Өңірдегі барлық білім беру ұйымдары бейнебақылау жүйелерімен жабдықталды. 135 ұйымда қауіпсіздік ережелеріне сай турникеттер орнатылып, арнайы мамандандырылған күзетпен шарт жасастық, - деді ШҚО білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышева.
Облыс әкімі мектептердегі дабыл жүйесіне қатысты мәселені шешуді тапсырды. Қалалар мен аудан әкімдеріне балалардың қауіпсіздігін, мектептердің жанында жаяу жүргіншілер өткелдерінің болуын және тротуарларды жарықтандыру мәселелерін жеке бақылауға алуды талап етті.
- Басшылар балалардың қандай жағдайда оқитынын қарасын. Мектептерге барыңыздар, әсіресе сыныптар пен дәретханалардың ішіне кіріп көріңіздер. Оқушылар мен ата-аналарды мектептің ішкі жағдайы алаңдатпауы тиіс, - деді аймақ басшысы.