ШҚО әкімі “Мәмбет” шаруа қожалығының жұмысымен танысты

340
көрілім

Аталған қожалық Самар ауданы бойынша ауыл шаруашылығы саласында жетекші орынға ие, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мұндағы жұмысшылар қазір дала жұмыстарын қорытындылап жатыр. Ресми ақпаратқа сүйенсек, сегіз комбайн, үш шынжыр табанды трактор, тоғыз автокөлік, 130-дан астам ірі қара мал бар. Шаруа қожалығының жұмысымен танысқан Ермек Көшербаев қожалық басшысы Есімбек Мәмбетовпен алдағы жұмыс жоспарын талқылады. Облыс әкімінің сөзінше, серіктестіктің шетелдік кәсіпорындармен бәсекелестікке түсуге мүмкіндігі мол.
- Ол үшін маркетинг жағына басымдық берген дұрыс. Қазір бал шаруашылығы да ауылдарда қолға алынып жатыр. Жұмыс бір бөлек те, оны жан-жаққа көрсетіп, тиімділігімен, өнімділігімен таныстыру бір бөлек, - деді Ермек Беделбайұлы.
Есімбек Мәмбетов соңғы үлгідегі аппараттарын да таныстырды. Әр жылы күнбағыс, бидай егіп, 70-ке жуық адамды жұмыспен қамтып отыр.