Семей қаласында Затон полиция бөлімі әкімшілік ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан полициясы күнінің алдында Семей қаласында Затон полиция бөлімі әкімшілік ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті. Шараға облыс әкімі Даниал Ахметов, ШҚО ІІД бастығы полиция генерал-майоры Жанарбек Бақтыбаев, Семей қаласының ІІБ және Затон полиция бөлімінің басшылығы және жеке құрамы, сондай-ақ жұртшылық және БАҚ өкілдері қатысты.
Жаң ғимаратта Затон полиция бөлімі қызметкерлерінің жергілікті полиция қызметі аппараты, оның ішінде жол-патрульдік полициясы және уақытша ұстау изоляторының арнайы үй-жайлары бөлімшелерінің жалпы саны 500 қызметкер жұмыс атқаратын болады.
Тіпті өткен ғасырдың басында (1930 жылы) салынған Затон полиция бөлімінің бұрынғы ғимараты техникалық, санитарлық нормаларға және эксплуатациялау талаптарына сай болмады.
Жалпы 5240 шаршы метр болатын аудандық полиция бөлімінің ғимараты
заманауи компьютерлік және оргтехникамен, кеңселік жиһаздармен жабдықталған.
Ашылып отырған полиция бөлімі осы аумақтағы құқықбұзылықтармен қылмыстарға тиімді ден қоюға ғана емес, сонымен қатар, толығымен өңірдегі жедел жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді. Қызмет көрсететілетін әкімшілік аумақта 100 мыңнан аса адам тұрады. Сондай-ақ, қызмет көрсететілетін әкімшілік аумақта 13 мектеп, 13 жатахана, 10 қонақ үйі, 19 ірі ұжымдар және өндіріс кооперативтері, сонымен бірге басқа да маңызды нысандар орналасқан.
Мерекелік іс-шараның жалғасы кезінде тәртіп сақшыларына қызметтік автокөліктерінің кілттері тапсырылады. Қызметтік міндеттерді орындау кезіндегі жеделдікті және техникалық жабдықталуын арттыру мақсатында, полицейлер автопаркі учаскелік полиция инспекторларына және жол-патрульдік полициясына жабдықталған 21 ВАЗ «Нива» және 30 УАХ «Хантер» маркалы жаңа автобилдеріне толықты.
Жаңа көліктер белгі беру-дауыс үдеткіштер құралдарымен, радиостанциялармен және басқа да құралдармен жабдықталып, полицйелер машиналарының техникалық заманауи талаптарына жауап береді.
Фотосуреттер: ШҚО ІІД баспасөз қызметі