ШҚО әкімі шенеуніктерден туризмді дамытуға бағытталған 18 млрд теңгенің қайда кеткенін сұрады

227
көрілім
фотосурет редакция мұрағатынан
Облыс әкімдігінің отырысында ұсынылған деректерге сүйенсек, биыл өңірге келген ішкі туристердің саны 22,4%-ға артса, бөлінген қаржының жалпы көлемі 18 миллиард теңгені құраған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 
Аймақ басшысы Ермек Көшербаев туризмді дамытуға қомақты қаржы бөліне тұра, қарапайым заттардың жоқ екеніне таңданысын жасырмады.
- Ақша қайда кетіп жатыр? Жолға қарапайым дәретхана орнатуға 12 миллион теңге табылмады ма? Демалыс күндері Алтай ауданына баратын тасжолмен 22 мыңнан астам көлік өтеді. Облыстағы маңызды жолдың бойында бірде бір дәретхана жоқ – деді аймақ басшысы. 
Қалалар мен аудан әкімдері бұл сұраққа нақты жауап бере алмады. Өңір басшысы салаға бөлінген инвестицияның қайда кеткені туралы егжей-тегжейлі есеп беруді тапсырды.