ШҚО әкімі тасымалдаушыларды сынға алды

383
көрілім

Өңір басшысы тасымалдаушылардың жол жүру ақысын көтеруді құптамайтынын білдіріп, кәсіпкерлер шынайы табыстарын жасыратындығын айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

- Қоғамдық көліктерге электронды төлем жүйесі енгізілгенде тасымалдаушы компания иелерінің табыстарына қалай қарайтындығын көремін. Арнайы ғылыми институт мамандары сараптама жүргізді. Қоғамдық көліктерден түсетін шынайы табысты жасыру көрсеткіші төрт есе! Онсыз да жоғары баға жағдайында тарифті көтерудің қажеті шамалы. Бұл жерде «ұрлық» деп айтқан дұрыс. Сондықтан электронды төлем жүйесі мәселені шешуге көмектеседі, - деді облыс әкімі.

Естеріңізде болса, бірқатар тасымалдаушы компаниялар жаз мезгілінің соңында мектеп оқушылары мен зейнеткерлерге арналған жеңілдіктерді алып тастаған. Мұны жағармай қымбаттау себебінен шығынға батудамыз деп түсіндірді. Осы әрекеті арқылы кәсіпкерлер жергілікті билікпен шығындарды толтыруға келісімге келмек болды.

Данияр ЗАЙНЕЛОВ