ШҚО әкімі тұрғындарды коронавирустен үрейленбеуге шақырды

318
көрілім

Шығыс Қазақстан облысы Даниал Ахметов Қытаймен шекаралас ауыл тұрғындарын коронавирустен үрейленбеуге шақырды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Бүгін аймақ басшысы Даниал Ахметовтың халық алдында есеп беру кездесуінде Зайсан ауданының тұрғыны Бақыт Сырбаева шекарадағы елді мекендердің жұртшылығы Қытайдан тараған жұқпалы вирустан қорқып отырғанын жеткізді. Әкім қазіргі уақытта жағдайдың қатаң бақылауда екендігін айтып, халықты сабырға шақырды.

- Өңірімізде коронавирустың таралуына жол бермеу үшін жедел штаб құрылған. Қазақстанда инфекция жұқтырған ешкім жоқ. 17 ақпаннан бастап Қытайдан келген әрбір азамат 2 аптаға обсервациялық бақылауға жатқылады. Облыстың медициналық мекемелерінде коронавирусқа қарсы препараттар қоры жеткілікті. Сондықтан барлықтарыңызды үрейленбеуге шақырамын. Жағдай бақылауда, - деді Даниал Кенжетайұлы.