Су электр станциясының қызметкерлері Ұлы ақыннаң 175 жылдығына арналған челленджді қолдап, әнін орындаған, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
- Халқымыздың Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы «Көзімнің қарасы» әні арқылы өзінің мөлдір және мәңгілік махаббатын анық жеткізе алған, деп жазды облыс әкімі Даниал Ахметов Instagram парақшасында. - Барша халықтың сүйікті әнін Өскемен СЭС қызметкерлерінің орындауында тыңдап, өте риза болдым. Олар бабалар сезімінің сұлулығы мен шынайылығын жеткізе білді.