Облыс әкімінің орынбасары болып Ринат Омаров тағайындалды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ринат Омаров 1973 жылдың 14 ақпанында дүниеге келген. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Экономист-бухгалтер» мамандығы бойынша, 2014 жылы «Электроэнергетика» мамандығы бойынша Д. Қонаев атындағы Көлік және құқық гуманитарлық университетінің магистратурасын бітірген.
Еңбек жолын Алматы облыстық статистика басқармасының бюджеттердің статистикасы бөлімінің экономисті ретінде бастаған.
Әр жылдары Алматы қаласының әкімдігінде және Астана қаласы әкімі аппаратында жұмыс атқарған. Соңғы қызметінде ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болған.
Фотосурет: Қазақпарат